» Последние публикации на сайте

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

«Үздік жас мұғалім-2015»

Автор: admin от 14-11-2015, 12:35, посмотрело: 1430

0 2015-2016 оқу жылында Алматы қаласы, Әуезов ауданы «№133 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
07.11.2015ж. «Жарқын болашақтың жастары» тақырыбында «Үздік жас мұғалім-2015» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
Жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш- жігерін жұмсауға баулу.
Міндеттері:
1. Мектептің жас мұғалімдерінің шығармашылықтарын, жұмыс істеу қабілеттерін анықтау;
2. Жас мамандардың кәсіби мәртебесін көтеру және қолдау;
3. Оқушылардың жоғары сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында оқыту мен тәрбиелеу әдістері мен нәтиже беретін педагогикалық технололгияларды көрсету;
4. Жаңа педагогикалық тәжірибені тарату және насихаттау.

Байқау алдын-ала бекітілген ережеге сәйкес 2 кезеңде өткізілді:
І-кезең «Үйрете жүріп үйренеміз» тақырыбында өткен ашық сабақтар апталығы;
ІІ-кезең «Жарқын болашақтың жастары» тақырыбында «Үздік жас мұғалім-2015» сайысы.
Байқауға педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын мектептің 16 жас маманы қатысты.
І-кезеңнің қорытындысы бойынша ашық сабақтары ең жоғары деңгейде өтілген 8 жас мұғалім іріктелініп, байқаудың ІІ кезеңіне өтті.
2-кезең сайыс түрінде өтті:
1. Сайыскерлердің өздерін таныстыруы (3мин)
2.«Шешендік - шеберлік» сайысы (3 мин.)
3.Педагогикалық, психологиялық ситуация ( 3 мин)
4. «Педагогика мен оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелер» (жоба 4 мин.)
5.Өз өнері (ән, би, мәнерлеп оқу т.б.) ( 3 мин.)
Педагогикалық іс-әрекеттің әсерлігі келесі көрсеткіштермен бағаланды:
- педагогикалық біліктілігі;
- теориялық білімі және тәрбие жұмысының әдістемесі;
- педагогикалық техникасы және сабақты ұйымдастыруы;
- адамгершілік-этикалық қасиеті, педагогикалық мәдениеті және ой-өрісі мен эрудициясы;
- қарым-қатынас өнері, суырып салмалылығы.
Әділқазы алқасының құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, жас мамандардың шығармашылығын, ашық сабақтар сапасын, қатысушылардың жаңашыл идеяларын бағалады.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
1. Логопед-дефектолог Тыныстан Толғанай Қанатқызы – бас жүлде;
2. Бастауыш сынып мұғалімі Чукеева Мақпал Қайырғалиқызы – І-орын;
3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Таубалдиева Гүлзат Нұржановна – ІІ-орын;
4. Биология пәні мұғалімі Даржанова Перделигул Курбановна – ІІІ-орын;
5. Музыка пәні мұғалімі Сарыпбеков Ардақ Молданиязұлы «Ең мәдениетті мұғалім»;
6. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сәулебекқызы Құралай «Шығармашыл ұстаз»
7. Музыка пәні мұғалімі Үмбетбаев Еркеғали Белтаевич «Өнерлі ұстаз»;
8. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Тұрғанбек Ермек Ержанұлы «Ізденімпаз мұғалім»
номинацияларын иеленді.
Сайыс соңында жас мамандарға мектеп директоры Адамов Р.Ж., «Бителеком» АО ПСТК Президенті Х.З. Бергариповтің орынбасарлары және мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы Абдранова М.С., Әдістемелік бірлестік жетекшілері тілектерін айтып, мақтау грамоталарымен, ақшалай және құнды заттай сыйлықтармен марапаттады.

Категория: Молодым специалистам

 
 
 
 
 

№133 жалпы білім беретін мектеп ұжымының жетістіктері

Автор: admin от 31-10-2015, 11:57, посмотрело: 523

0 2009-2010 жылында:
• «Қалалық жыл мұғалімі -2010» байқауында музыка пәнінің мұғалімі Жалғасбаева Қ.Б. І орынға ие болды және «Музыка сабағында дәстүрлі және инновациялық оқыту технологияларын қолдану» атты семинарда іс тәжірибесімен алмасты.
• «Алматы жыл мұғалімі -2010» байқауында І орын алғаны үшін Жалғасбаева Қ.Б марапатталып, автокөлік кілті сыйланды№133 жалпы білім беретін мектеп ұжымының жетістіктері

Категория: Наши достижение и гордость

 

№133 жалпы білім беретін мектеп ұжымының жетістіктері

Автор: admin от 31-10-2015, 11:51, посмотрело: 534

0 2010-2011 оқу жылында:
• «Қалалық жыл мұғалімі -2011» байқауында бастауыш сынып мұғалімі Бапиева Э.Б. І орынға ие болды .
Алматы қаласы әкімі А.Есімов «Қалалық жыл мұғалімі -2011» байқауында І орын алғаны үшін Бапиева Э.Б. марапаттап, автокөлік кілтін сыйлады.


№133 жалпы білім беретін мектеп ұжымының жетістіктері
 "Шебер ұстаз” номинациясымен марапаттау сәті

№133 жалпы білім беретін мектеп ұжымының жетістіктері




Категория: Наши достижение и гордость

 

Педагогикалық кадрлар құрамы

Автор: admin от 28-10-2015, 16:27, посмотрело: 1241

0 ІІ.Педагогикалық кадрлардың құрамы

Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеретін- олардың біліктілік санаты. Жоғары біліктілік деңгейіндегі жоғары санатты мұғалімдер - 56, жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санатты мұғалімдер - 30, орта деңгейдегі бірінші біліктілік санатты мұғалімдер – 2, екінші санатты мұғалімдер – 25, санаты жоқ мұғалімдер – 16. Барлық мұғалімдердің 43% жоғары санат, 25 % бірінші санат, 20% екінші санат, 12% санаты жоқ мұғалімдер құрайды. Педагогикалық ұжымда барлық жұмыс істейтін мұғалімдер саны -146, олардың 142 –жоғары, 4- орта арнаулы білімді ұстаздар, оның ішінде 18 мұғалім бала күтімі демалысында. Қазақстан Республикасының білім беру ісінде марапатталғандар: «Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері»-1, «ҚР Білім беру ісінің үздігі - 1, «ЮНЕСКО сертификаты» -1.
Білімі және санаты 2013-2014 оқу жылы 2014-2015 оқу жылы 2015-2016 оқу жылы
Жоғары білім 114 121 124
Орта арнаулы 5 4 4
Аяқталмаған жоғары - - -
Пед.білімі жоқтар - - -
Жоғары санат 33 40 56
Бірінші санат 35 38 32
Екінші санат 32 22 25
Санаты жоқтар 19 25 16
Барлығы 119 125 128


Педагог кадрлардың сапалық және сандық құрамы

Оқу жылдары Педагог қызметкерлердің жалпы саны Білімі барлар Педагогикалық өтілі барлар Санаты барлар
барлығы оның ішінде әйелдер жоғары жоғары аяқталмаған орта кәсіптік 3 жылдан кем емес 3 жылдан 8 жылға дейін 9 жылдан16жылға дейін 17 жылдан 20 жылға дейін 20 жылдан жоғары пенсионер жасындағылар жоғары санатты бірінші санатты екінші санатты санаты жоқ
Мұғалімдердің орташа жасы -40. Мектепте психолог-2, қосымша педагог -2, аға тәлімгер-1, кітапханашы-2, логопед-1 қызмет атқарады. Мектеп ұжымында тұрақтылық басым, себепсіз жұмыстан кету фактілері жоқ.
Мектептің педагогикалық кадрлары мен қызметкерлерінің еңбек тәртібі арнайы акт жүйесі арқылы анықталған: ішкі еңбек тәртібі, міндетін анықтайтын нұсқаулықтар, жеке еңбек шарты жасалынған. Мектеп штаттық кесте негізінде жұмыс істейді. Директордың, пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің, әдістемелік бірлестік жетекшілерінің, психологтардың, әлеуметтік педагогтың,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының,директордың шаруашылық істер жөніндегі орынбасарының, есепшінің, қарауылдың, кіші қызметкерлердің, аға тәлімгердің т.б. міндетін анықтайтын нұсқаулықтар жасалынып,бекітілген. Мектеп әкімшілігі кадрларды штатық кестеге сәйкес, дипломы бойынша мұғалімдердің және қызметкерлердің біліктілігін, мамандығын негізге ала отырып қабылданылған.
Жас мұғалімдермен жұмыс жүйелі жүргізіліп отырылады. Оның құрамына педагогикалық еңбек өтілі жоқ және еңбек өтілі үш жылдан кем жас мамандар мен ұстаз тәлімгерлер кіреді. Жас маманды қалыптастыруға және кәсіби тұрақтылығын дамытуға ұстаз тәлімгерлер бағыт-бағдар беріп отырады. Жас мамандар жоспарына сәйкес жас мамандардың кәсіби практикалық біліктілігін дамыту мақсатында ашық сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар өткізіліп, оларға талдаулар жасалып,бағыт-бағдар беріліп отырылады. Педагогтардың білім жетілдіруі мен арнайы курстардан өтулері жоспарлы жүргізіледі. Мектеп мұғалімдері жыл сайын Алматы қаласы Білім басқармасы жанындағы қалалық білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында өтеді.
3 жыл ішінде курстан өткен мұғалімдер туралы мәлімет
2013-2014 оқу жылы 2014-2015 оқу жылы 2015-2016 оқу жылы
1 30 36 12

Категория: Педагогический состав

 

№133 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП

Автор: admin от 26-10-2015, 11:57, посмотрело: 554

0 Білім алушылардың контигенті
2015-2016 оқу жылының басындағы оқушы саны -2066,оның 1027-сі қыз бала.
Сынып комплектісі-78.
Қазақ бөлімі бойынша-56 сынып- 1459 оқушы.
Орыс бөлімі бойынша- 22 сынып- 607 оқушы.Оның ішінде 2 сынып орыс бөлімінде коррекциялық (ЗПР) сыныбы,онда 21 оқушы білім алуда.
Бастауыш сыныптарында:
Барлығы - 969 оқушы, 34 сынып санына топтастырылған.
Оқуы қазақ тіліндегі сыныптар -671 оқушы, 24 сынып санына;
Оқуы орыс тіліндегі сыныптар -298 оқушы, 10 сынып санына;
Ортаңғы сыныптарда:
Барлығы - 903 оқушы, 36 сынып санына топтастырылған.
Оқуы қазақ тіліндегі сыныптар-640 оқушы, 26 сынып санына;
Оқуы орыс тіліндегі сыныптар -263 оқушы, 10 сынып санына;
Жоғарғы сыныптарда:
Барлығы -194 оқушы, 8 сынып санына топтастырылған.
Оқуы қазақ тіліндегі сыныптар -148 оқушы, 6 сынып санына;
Оқуы орыс тіліндегі сыныптар - 46 оқушы, 2 сынып санына топтастырылған.
Мектеп 2 ауысымды күн тәртібімен жұмыс жасайды .
2015-2016 оқу жылында І ауысымда: 39 сыныпта 1060 оқушы ,;
ІІ ауысымда-39 сыныпта 1006 оқушы білім алуда.
Бірінші ауысымда сабақ 800-де басталып,1310-да аяқталады.
Екінші ауысымда сабақ 1400-да басталып,1910-да аяқталады.

Категория: Информация