Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тоғызқұмалақ – ақыл-ойдың өрнегі
19
октябрь
2023

Тоғызқұмалақ – ақыл-ойдың өрнегі

Алматы  қаласы, Әуезов ауданы №133 мектеп-гимназиясында  Республика күніне орай   2-сыныптар  арасында тоғызқұмалақтан   мектепішілік жарысы өтті. Жарыстың ашылу салтанатын 2 «д» сынып оқушылары «Қазағым» әнін орындап қошеметке бөленді.
    Мектебімізде  салауатты өмір салтын насихаттау және  ұлттық салт дәстүрді ұстану мақсатында «Тоғызқұмалақ» ойыны  қолдау табуда. Жаңа оқу жылынан бастап тоғызқұмалақ үйірмесін
Топашев Асхат Намазович жүргізіп келеді.
Жарыстың мақсаты:
1. Қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы өз елінің патриоты, елжанды жеке тұлға қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін дамыту;
2.Балалардың ой-өрісін дамытуға, шынықтыруға, оларды тапқырлыққа, ұстамдылыққа, ұқыптылыққа баулитын, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ  зияткерлік ойынын дәріптеу, насихаттау;
3. Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың тапқырлық және іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Жүзден жүйрік, жеңімпаздарды анықтау мақсатында өткен тоғызқұмалақ жарысы өте жоғары деңгейде өтті.
    Ұрпақ тәрбиесінде өзіндік орнын айшықтап келетін қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны мектебімізде  оқушылар  арасында белең алып келеді. Жарысқа қатысушылар ойынға өте қызыға белсенділікпен  қатысты. Тоғызқұмалақ ұлттық ойынды дамытуда  үйірме жетекшісі
Топашев Асхат Намазұлының еңбегін ерекше атап өтеміз.
    Жарысымыздың қорытындысын әділ бағалаған  әділ-қазылар алқасы оқушыларды құттықтап, мақтау қағазын табыстады. Әділ-қазылар алқасы: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Бапиева Ельмира Бердибаевна, тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі: Топашев Асхан Намазович, тоғызқұмалақтан жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрген бастауыш сынып мұғалімі: Смағұлова Дина Әлиқазықызы. Төрешілердің  шешімімен орындар тағайындалып, жеңімпаздар анықталды.  Республика күнімен құттықтап, жеңімпаздарға алғыс білдірді.
    Жоғары деңгейде ұйымдастырылған ойын өз мәресіне жеттті. Ойынға қатысушылар «Қаражорға» биін билеп, ерекше қуанышқа бөленді. Шамамен 4 мың жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ұлттық ойыны  оқушылар арасында көптеп ұйымдастырылса екен.
 ​Видео​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: