Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықбұзушылықтың алдын алу түсіндірме жұмыстарын жүргізді
21
ноябрь
2024

Құқықбұзушылықтың алдын алу түсіндірме жұмыстарын жүргізді

№133 мектеп-гимназиясында 21.11.2024ж. күні Әуезов ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел аға уәкілі полиция капитаны Жунисбеков М.М., полиция майоры Ерасилов А.С., учаскелік полиция майоры Кадырмуратова Д.К. оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
- Интернеттегі алаяқтық: алданбаудың жолдары
- Қоғамдық орындағы тәртіп
- Құқықтық мәдениет
- Булллингтің алдын алу
- Түнгі рейд
Сонымен қатар, мектеп инспекторы ҚР Қылмыстық кодексінің жалпы бөлімі, ІV тарау «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», жалпы бөлім ІХ тарау «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі» 442, 440, 441, 435, 434, 127-баптарымен таныстырып өтті.
Мектеп психологы Алимажанова А.Б. оқушыларға «Буллинг» сөзінің мағынасы түсіндіре отырып, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу бойынша түсіндірме жүргізді. Оқушыларды сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге шақырды. @edu.almaty
@auezovpoo_
@almaty_birtutas_tarbie
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_алматы 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: