14
март
2025
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Амал күні» аталып өтті
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №133 мектеп-гимназиясында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Амал күні» аталып өтті. Мұғалімдер мен оқушылар бір-бірін «Амал» мерекесімен құттықтап, ақ тілектерін айтып, сый жасап, әріптестеріне қуаныш сыйлады. Бұл үрдіс Наурыз мерекесі қарсаңында адамдар арасындағы мейірімділік пен сыйластықты арттыратыны сөзсіз.
Көрісу – наурыздың басы, көрісу – жақсылықтың жаршысы.
Ғасырлардан жалғасын тауып келе жатқан, «Көрісу» немесе «Амал» мерекесі әр жылы көктемнің алғашқы 14-күнінен бастап тойланады. Бұл – қазақтың дәстүрге толы ұлттық мерекесі. Тіпті қазақ халқы жеті күнге созылатын бір амалды «Көрісу күні», «Тағзым күні», «Бұлақ көзін ашу күні», «Кешірім күні», «Сый жасау күні», «Береке –сауық күні» деп әр күнді түрлі тақырыппен өткізетін болған. Осындай атаулы күндер Наурыз мерекесіне дейін жалғасқан.
@almaty_birtutas_tarbie
@almatydaryny
@mnurymbetov
@meruert.69
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_алматы
#біртұтас_тәрбие
#nauryznama2025
Видео