"Ыбырай Алтынсарин-ұлы тұлға"атты сахналық қойылым өткізілді. » Школа-гимназия №133
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ыбырай Алтынсарин-ұлы тұлға"атты сахналық қойылым өткізілді.
26
апрель
2022

"Ыбырай Алтынсарин-ұлы тұлға"атты сахналық қойылым өткізілді.

133 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығының аясында сыныптан тыс шара - Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға»  атты ұстаз әңгімелерінен 6-сынып оқушылары сахналық қойылым өткізді. Оқушылар іш-шараға белсенді  қатысып,өздерінің әр қырларынан көрінді. Ұстаздар оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, балаларға сахна мәдениетін меңгертіп, әдеби шығармаларды мәнерлеп жатқа оқыту арқылы тілдерін дамытып, әдеби тілде еркін сөйлеуге үйретті. Әр оқушының кейіпкердің өнегелі ісінен, ұлағатты сөзінен жақсы тағылым алуына баулып, оқушыларды үлкен достыққа, бірін-бірі түсінуге, бауырмалдық сезімге және сыйластық қарым-қатынасқа жетелейтін іс-шара болды. Аталған іс-шара өнерлі де білімді шәкірттер санының артуына жол ашты. Өте жақсы қойылым көрсеткен сыныптар жүлделі орындарға ие болып,  арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: