"Мектепке жол, жақсылық жаса!" акциясы » Школа-гимназия №133
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол, жақсылық жаса!" акциясы
15
август
2023

"Мектепке жол, жақсылық жаса!" акциясы

"Мектепке жол, жақсылық жаса!" акциясы

Тамыздың бірінен басталатын дәстүрлі "Мектепке жол" акциясы биыл "Мектепке жол, жақсылық жаса!" ұранымен жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылғалы отыр.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Осыған орай қолы ашық,жомарт жандардың барлығын өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына үкілі үміт сыйлау мақсатында "Мектепке жол" акциясына белсенді қатысуға шақырамыз!

Жақсылық жасап жарысайық!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: