Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жол қозғалысы ережелерін сақтау"
08
сентябрь
2025

"Жол қозғалысы ережелерін сақтау"

08.09.2025 ж. күні Алматы қаласы, Әуезов ауданы №133 мектеп-гимназиясында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру шарасы өткізілді. Іс-шараға Әуезов ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нұрғожаев Нұрлан Құныпияұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өміш А.Т. қатысып, 8–11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
 Кездесу барысында төмендегі маңызды мәселелер қозғалды: 
- Мектеп формасына және сыртқы келбетке қойылатын талаптарды сақтау; 
- Сабақтан себепсіз қалмау, кешікпеу, мектеп ішіндегі тәртіпті бұзбау және оқуға жауапкершілікпен қарау; 
- Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, өзіне және өзгеге құрметпен қарау; 
- Түнгі уақытта (сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін) ата-анасыз тұрғын үйден тыс жерлерде болмау талаптары; 
- Әлімжеттік пен бұзақылыққа жол бермеу, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау мәселелері; 
- Жол қозғалысы ережелерін сақтау, электросамокат пен мопед жүргізу жасына байланысты қауіпсіздік шаралары.
 Сонымен қатар, оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі де ескертілді. Іс-шара тәрбиелік мәнге ие болып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.


https://youtu.be/eF96C9XlSFQ?si=wTut7P87UBL0Kshu

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: