Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы аясында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаты
17
ноябрь
2025

«ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы аясында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаты

«ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы аясында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаты өткізілді*2025 жылдың 17 қараша күні №133 мектеп-гимназиясында «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы аясында 5–11-сынып оқушылары арасында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың буллинг ұғымы туралы түсініктерін кеңейту, оның түрлерін ажырату, құқықтық және психологиялық тұрғыда қорғану жолдарын үйрету, сондай-ақ мектепішілік достық, өзара құрмет пен қолдау мәдениетін қалыптастыру.
Сынып сағаттары барысында оқушылармен буллингке қарсы іс-әрекет тәсілдері, қауіпсіз орта құру, құрдастар арасындағы этикалық қарым-қатынас мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, өмірлік мысалдар келтіріліп, бейнематериалдар көрсетіліп, пікір алмасу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара оқушылардың эмоционалды қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен мектептегі жайлы психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталды.

https://www.instagram.com/p/DRJRNo8Ap4H/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: