03
ноябрь
2025
«Адал азамат»
03.11.2025ж. күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» құндылығы бойынша «Адалдық сағатында: Аққан жұлдыз Шоқан Уалиханов» тақырыбында сынып сағаттары өтті.Мақсаты - оқушыларды адал еңбек етуге, табандылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу; Адал еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру; Өз елінің дамуына үлес қосатын, еңбекқор және әділ азамат болуға бағыттау.Сынып сағаты барысында «Адал азамат дегеніміз кім?», «Адал еңбектің жемісі қандай?» тақырыптарында пікір алмасу ұйымдастырылды. Мұғалім қоғамға пайдасын тигізген, адал еңбек еткен танымал тұлғалар жайлы мысалдар келтірді.Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, адал еңбектің арқасында табысқа жеткен адамдар туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, «Еңбектің наны тәтті» атты бейнеролик көрсетілді.
Топтық жұмыс барысында оқушылар «Адал еңбек – жарқын болашақтың кепілі» атты плакат жасап, өз ойларын шығармашылықпен жеткізді. Сабақ соңында «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында қысқаша эссе жазу тапсырылды.
Сынып сағаты оқушыларға адалдық пен еңбекқорлықтың өмірдегі маңызды құндылықтар екенін түсіндіріп, олардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытуға үлес қосты.
https://www.instagram.com/p/DQlVOergrgR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==