17
март
2026
🎵 Домбыра — ұлтымның қасиетті үні! Домбыра үніне арналған флешмоб өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/DV_ff_6glJs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==2026 жылдың 17 наурызында Алматы қаласындағы Almaty Arena спорт кешенінде ауқымды мәдени іс-шара — домбыра үніне арналған флешмоб өткізілді.Аталған шараға жалпы саны 11 500 оқушы қатысып, ұлттық өнерімізді ұлықтауға зор үлес қосты. Мектебіміздің 7–11 сынып оқушыларынан 65 оқушы қатысып, рекорд жаңартуға өз үлестерін қосты.Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспабы — домбыраның маңызын насихаттау және жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын дамыту болды.
Флешмоб барысында оқушылар бір мезетте күй орындап, домбыра аспабының әуезді үнін әуелетті. Көпшілік қатысқан бұл шара ерекше әсер қалдырып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Аталған іс-шара барысында рекорд жаңартылып, ел көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де назар аудартатын маңызды оқиғаға айналды. Бұл жетістік — оқушылардың ұйымшылдығы мен өнерге деген құрметінің айқын көрінісі.
“Домбыра үні” флешмобы ұлттық рухты көтеріп, жас ұрпақты өнерге баулуда үлкен маңызға ие тағылымды шара ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.