Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №133 мектеп-гимназиясында "Жеке қауіпсіздік" сабағы аясында бекітілген жоспарға сәйкес
30
март
2026

№133 мектеп-гимназиясында "Жеке қауіпсіздік" сабағы аясында бекітілген жоспарға сәйкес

https://www.instagram.com/p/DWftwX3ArT-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​№133 мектеп-гимназиясында "Жеке қауіпсіздік" сабағы аясында бекітілген жоспарға сәйкес, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді.Іс-шаралардың мазмұны мен нәтижелері:1–4 сыныптар : “Жолда жүру ережелері” (Правила безопасности на дороге)
Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекіту, көшедегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және жол белгілерін тануға үйрету.
Сабақтар ойын түріндегі практикалық тапсырмалармен және «Абай бол, бағдаршам!» атты танымдық сайыстар форматында ұйымдастырылды.
5–7 сыныптар: «Кибербуллинг. Интернеттегі қауіпсіздік» (Кибербуллинг. Безопасность в интернете)
Мақсаты: Интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, кибербуллингтің алдын алу және виртуалды ортада кибергигиенаны сақтауды үйрету.
«Қауіпсіз интернет» тақырыбындағы арнайы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар арасында қызу талқыланды.
8–11 сыныптар: «Таза сана – таза әдет»
Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының бойында адамгершілік құндылықтарды дамыту, жаман әдеттерден арылу, сананың тазалығы мен адалдық (парасаттылық) қағидаларын дәріптеу.
«Адалдық сағаты» дөңгелек үстелдері ұйымдастырылып, оқушылардың тұлғалық дамуына бағытталған мотивациялық кеңестер берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: