25
май
2026
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
https://www.instagram.com/p/DYwTgHNAhwc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==25 мамыр — әр адамның жүрегінде ерекше із қалдыратын, қимастық пен қуаныш қатар жүретін күн. Бүгін мектеп қабырғасындағы ең ыстық естеліктер, ұстаздардың ақ тілегі, достармен бірге өткен бақытты шақтар көз алдымыздан өтеді.Соңғы қоңырау — тек оқу жылының аяқталуы емес, үлкен өмірге бастар жаңа қадамның бастауы.Мектеп — білімнің ғана емес, тәрбие мен достықтың, арман мен мақсаттың ордасы. Осы алтын ұяда өткен әр күн, әр сабақ, әр сәт мәңгі жүректе сақталады.
Бүгінгі түлектерге ақ жол, асқақ арман, биік белестер тілейміз! Алдағы өмір жолдарыңыз ашық болып, армандарыңыз орындалып, елдің мақтанышы болатын азамат атаныңыздар!
Құрметті ұстаздар, сіздердің еңбектеріңіз бен төккен терлеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Ал ата-аналарға — қолдауы мен сенімі үшін мың алғыс!
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Жаңа өмірге қадам басқан барша түлекке сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз! ✨