Оқыту үрдісінің иновациялық тәсілдерін қолданбалы апсектілері » Школа-гимназия №133
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқыту үрдісінің иновациялық тәсілдерін қолданбалы апсектілері
06
ноябрь
2020

Оқыту үрдісінің иновациялық тәсілдерін қолданбалы апсектілері

2019-2020 оқу жылының 31 қазан күні №133 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әдіс кеңесінің «Оқыту үрдісінің инновациялық тәсілдерінің қолданбалы аспектілері» онлай семинары болып өтті. Семинар барысында тарих пәнінің мұғалімі Бостанова Эльвира Ганиевна «Инновацияциялық оқытудың технологиялары» тақырыбында баяндама жасады.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Алтынбу Мешитбаевна «Жас мамандар мектебі - педагогикалық шеберлікті арттырудың баспалдағы» тақырыбындағы есепті баяндамасында соңғы 5 жыл арасындағы мектептің жас мамандарымен жүргізілген іс-шараларға мониторингтік талдау жасап, жас ұстаздарды көп ізденуге, тәжірибелі ұстаздардан тәлім алуға шақырды.
Мектептің педагог-психологы Қалекеева Луиза Жұматайқызының «Менің мінезім» әдістемесі бойынша өткізген психологиялық тренингісі жас мамандардың мінез-құлқын анықтауға бағытталды. Тренинг өту барысында жас мамандар қызығушылықтары артып, белсенділік танытты.
Семинар соңында тәжірибелі ұстаздар Алипова Р.Т., Нугаева С.К. және мектебіміздің
жас маманы, тарих пәнінің мұғалімі Қарнақбай Б.С. көтерілген мәселелер жөнінде өзара пікір алмасып, өз көзқарастарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: