«Үздік жас мұғалім-2015» » Школа-гимназия №133
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ноябрь
2015

«Үздік жас мұғалім-2015»

2015-2016 оқу жылында Алматы қаласы, Әуезов ауданы «№133 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
07.11.2015ж. «Жарқын болашақтың жастары» тақырыбында «Үздік жас мұғалім-2015» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
Жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш- жігерін жұмсауға баулу.
Міндеттері:
1. Мектептің жас мұғалімдерінің шығармашылықтарын, жұмыс істеу қабілеттерін анықтау;
2. Жас мамандардың кәсіби мәртебесін көтеру және қолдау;
3. Оқушылардың жоғары сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында оқыту мен тәрбиелеу әдістері мен нәтиже беретін педагогикалық технололгияларды көрсету;
4. Жаңа педагогикалық тәжірибені тарату және насихаттау.

Байқау алдын-ала бекітілген ережеге сәйкес 2 кезеңде өткізілді:
І-кезең «Үйрете жүріп үйренеміз» тақырыбында өткен ашық сабақтар апталығы;
ІІ-кезең «Жарқын болашақтың жастары» тақырыбында «Үздік жас мұғалім-2015» сайысы.
Байқауға педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын мектептің 16 жас маманы қатысты.
І-кезеңнің қорытындысы бойынша ашық сабақтары ең жоғары деңгейде өтілген 8 жас мұғалім іріктелініп, байқаудың ІІ кезеңіне өтті.
2-кезең сайыс түрінде өтті:
1. Сайыскерлердің өздерін таныстыруы (3мин)
2.«Шешендік - шеберлік» сайысы (3 мин.)
3.Педагогикалық, психологиялық ситуация ( 3 мин)
4. «Педагогика мен оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелер» (жоба 4 мин.)
5.Өз өнері (ән, би, мәнерлеп оқу т.б.) ( 3 мин.)
Педагогикалық іс-әрекеттің әсерлігі келесі көрсеткіштермен бағаланды:
- педагогикалық біліктілігі;
- теориялық білімі және тәрбие жұмысының әдістемесі;
- педагогикалық техникасы және сабақты ұйымдастыруы;
- адамгершілік-этикалық қасиеті, педагогикалық мәдениеті және ой-өрісі мен эрудициясы;
- қарым-қатынас өнері, суырып салмалылығы.
Әділқазы алқасының құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, жас мамандардың шығармашылығын, ашық сабақтар сапасын, қатысушылардың жаңашыл идеяларын бағалады.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
1. Логопед-дефектолог Тыныстан Толғанай Қанатқызы – бас жүлде;
2. Бастауыш сынып мұғалімі Чукеева Мақпал Қайырғалиқызы – І-орын;
3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Таубалдиева Гүлзат Нұржановна – ІІ-орын;
4. Биология пәні мұғалімі Даржанова Перделигул Курбановна – ІІІ-орын;
5. Музыка пәні мұғалімі Сарыпбеков Ардақ Молданиязұлы «Ең мәдениетті мұғалім»;
6. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сәулебекқызы Құралай «Шығармашыл ұстаз»
7. Музыка пәні мұғалімі Үмбетбаев Еркеғали Белтаевич «Өнерлі ұстаз»;
8. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Тұрғанбек Ермек Ержанұлы «Ізденімпаз мұғалім»
номинацияларын иеленді.
Сайыс соңында жас мамандарға мектеп директоры Адамов Р.Ж., «Бителеком» АО ПСТК Президенті Х.З. Бергариповтің орынбасарлары және мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы Абдранова М.С., Әдістемелік бірлестік жетекшілері тілектерін айтып, мақтау грамоталарымен, ақшалай және құнды заттай сыйлықтармен марапаттады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: