Педагогикалық кадрлар құрамы » Школа-гимназия №133
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогикалық кадрлар құрамы
28
октябрь
2015

Педагогикалық кадрлар құрамы

ІІ.Педагогикалық кадрлардың құрамы

Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеретін- олардың біліктілік санаты. Жоғары біліктілік деңгейіндегі жоғары санатты мұғалімдер - 56, жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санатты мұғалімдер - 30, орта деңгейдегі бірінші біліктілік санатты мұғалімдер – 2, екінші санатты мұғалімдер – 25, санаты жоқ мұғалімдер – 16. Барлық мұғалімдердің 43% жоғары санат, 25 % бірінші санат, 20% екінші санат, 12% санаты жоқ мұғалімдер құрайды. Педагогикалық ұжымда барлық жұмыс істейтін мұғалімдер саны -146, олардың 142 –жоғары, 4- орта арнаулы білімді ұстаздар, оның ішінде 18 мұғалім бала күтімі демалысында. Қазақстан Республикасының білім беру ісінде марапатталғандар: «Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері»-1, «ҚР Білім беру ісінің үздігі - 1, «ЮНЕСКО сертификаты» -1.
Білімі және санаты2013-2014 оқу жылы2014-2015 оқу жылы2015-2016 оқу жылы
Жоғары білім114121124
Орта арнаулы544
Аяқталмаған жоғары---
Пед.білімі жоқтар---
Жоғары санат334056
Бірінші санат353832
Екінші санат322225
Санаты жоқтар192516
Барлығы119125128


Педагог кадрлардың сапалық және сандық құрамы

Оқу жылдарыПедагог қызметкерлердің жалпы саныБілімі барларПедагогикалық өтілі барларСанаты барлар
барлығыоның ішінде әйелдержоғарыжоғары аяқталмағанорта кәсіптік3 жылдан кем емес3 жылдан 8 жылға дейін9 жылдан16жылға дейін17 жылдан 20 жылға дейін20 жылдан жоғарыпенсионер жасындағыларжоғары санаттыбірінші санаттыекінші санаттысанаты жоқ
Мұғалімдердің орташа жасы -40. Мектепте психолог-2, қосымша педагог -2, аға тәлімгер-1, кітапханашы-2, логопед-1 қызмет атқарады. Мектеп ұжымында тұрақтылық басым, себепсіз жұмыстан кету фактілері жоқ.
Мектептің педагогикалық кадрлары мен қызметкерлерінің еңбек тәртібі арнайы акт жүйесі арқылы анықталған: ішкі еңбек тәртібі, міндетін анықтайтын нұсқаулықтар, жеке еңбек шарты жасалынған. Мектеп штаттық кесте негізінде жұмыс істейді. Директордың, пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің, әдістемелік бірлестік жетекшілерінің, психологтардың, әлеуметтік педагогтың,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының,директордың шаруашылық істер жөніндегі орынбасарының, есепшінің, қарауылдың, кіші қызметкерлердің, аға тәлімгердің т.б. міндетін анықтайтын нұсқаулықтар жасалынып,бекітілген. Мектеп әкімшілігі кадрларды штатық кестеге сәйкес, дипломы бойынша мұғалімдердің және қызметкерлердің біліктілігін, мамандығын негізге ала отырып қабылданылған.
Жас мұғалімдермен жұмыс жүйелі жүргізіліп отырылады. Оның құрамына педагогикалық еңбек өтілі жоқ және еңбек өтілі үш жылдан кем жас мамандар мен ұстаз тәлімгерлер кіреді. Жас маманды қалыптастыруға және кәсіби тұрақтылығын дамытуға ұстаз тәлімгерлер бағыт-бағдар беріп отырады. Жас мамандар жоспарына сәйкес жас мамандардың кәсіби практикалық біліктілігін дамыту мақсатында ашық сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар өткізіліп, оларға талдаулар жасалып,бағыт-бағдар беріліп отырылады. Педагогтардың білім жетілдіруі мен арнайы курстардан өтулері жоспарлы жүргізіледі. Мектеп мұғалімдері жыл сайын Алматы қаласы Білім басқармасы жанындағы қалалық білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында өтеді.
3 жыл ішінде курстан өткен мұғалімдер туралы мәлімет
2013-2014 оқу жылы2014-2015 оқу жылы2015-2016 оқу жылы
1303612

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: