Білім күні құтты болсын!
Құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар, сүйікті білім алушылар! Бүгін - ерекше күн, жүректерді толқытатын Алғашқы қоңырау мерекесі! Барша білім алушыларға жаңа оқу жылында зор табыс тілейміз! Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерге жолдарың ашық, қадамдарың нық болсын! Ұстаздарымыздың еңбегі әрдайым жемісті болып, шәкірттері елдің мақтанышы болсын! Ата-аналарға қуаныш пен шаттық тілейміз! Алғашқы қоңырау баршамызға құтты болсын!