20
ноябрь
2023
«Әжелер даналығы» кездесуі
«Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру мақсатында 1-сыныптар арасында әжелермен кездесу болды. «Әжелер даналығы» кездесуінде «Ырым-тыйым-әдептілік негізі» тақырыбында әжелер оқушыларға қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстырды.
Әжелер «Бесікке салу ізгі дәстүр» тақырыбында оқушыларға бесіктің қадір қасиетін айтып түсіндірді. Бесікті отпен аластап алып, бесіктің қажетті бау-шуларды, шүмек-түбек, маталар мен өзге де заттарымен оқушыларға таныстырды. «Тыштырма» рәсімін жасап, бесіктің түбек салынатын тесігінен өткізіп, балаларға тәтті үлестіріп берді.
Қазақтың ұлттық қолөнері -құрақ құрау. Әжелердің оюлы құрақ көрпесінен түрлі геометриялық фигураларды көрген оқушыларға өте қызық болды. Құрақ көрпе-құндылық екенін оқушылар жақсы түсінді. Әжелердің тәрбиелік мәні бар құнды әңгімелерінен, қызықты сабағынан оқушылар қуанып қалды және өмір бойы ұмытпайды деп ойлаймыз. «Әжелер даналығы» кездесуін ұйымдастырған 1-сынып ұстаздарына және әжелерге алғысымыз шексіз.
Видео