20
ноябрь
2023
«Жас маман» мектебі
2023-2024 оқу жылында мектебімізде 23 жас педагог жұмыс атқарады. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында жас мандардың табысты бейімделуі үшін ұйымдастыру, әдістемелік жағдай жасау мақсатында «Жас маман» мектебі жұмыс жүргізеді. Жас мұғалімдердің кәсіби дайындық деңгейін анықтау, нормативтік құжаттармен жұмыс істеуді меңгерту, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды дайындау, мектеп құжаттарын жүргізу, қазіргі сабаққа қойылатын талаптар, оқу процессін ұйымдастыру формалары, олардың үйлесуі, қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің қызметі сияқты мәселелер отырыстарында қаралды. Қыркүйек айында жас мандардың тізімі жасалып, сапалық құрамы анықталды, «Жас маман» мектебінің жұмыс жоспары бекітілді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаппасова Карлығаш Каримовна жас мандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы еңбегі өте зор. Жас мамандарға сәттілік тілейміз!
Видео
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаппасова Карлығаш Каримовна жас мандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы еңбегі өте зор. Жас мамандарға сәттілік тілейміз!
Видео