21
декабрь
2023
"Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік жолындағы ерлік"
Алматы қаласы Әуезов ауданы №133 мектеп-гимназияның 2К-сынып оқушысы Бағдат Сағи атасы Шаихов Айқын Ильясовичпен желтоқсан оқиғасы жайында әңгіме жүргізді. 1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызы қазақ тарихында мәңгі ұмытылмас күндер болып қала бермек. "Ел мен ұлттың тәуелсіздік құқығын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді"-дейді желтоқсан оқиғасына қатысқан Айқын Ильясович. Сол бір ызғарлы желтоқсанның жаңғырығы боп қалған фотосуреттерді немересіне көрсетіп, болған оқиғаны әңгімеледі. Желтоқсан оқиғасына қатысып ерлікпен қаза тапқан, ерлік көрсеткен жастарды бүгінде кейінгі ұрпақ мәңгі ұмытпайды. Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын!
Видео
Видео