Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектепішілік «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби сазды кеші » Школа-гимназия №133
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектепішілік «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби сазды кеші
14
февраль
2024

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектепішілік «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби сазды кеші

9-ақпан қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектепішілік «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби сазды кеш өтті. Кеш ақынның өмірбаянына арналған слайдты көрсету мен ақынның өз дауысымен жазылған өлеңдерін тыңдаудан басталды. Поэзия-сәулелі сезімнің сыңғырлы үні, жүрек дүрсілі һән қоңырауы. Ол жаңару мен түрленудің, нәр берудің құралы. «Барлығы да, поэзия сен үшін» деп әдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы Мұқағали Мақатаетың құдіретті шығармаларынан «Ақсарай» театрының «Көркемсөз» бөлімінен «Алтай-Атырау» поэмасынан бірнеше оқушы үзінді оқып, көрермендердің ықыласына бөленді. 5-11 сынып білім алушылары ақиық ақынның өлеңдері мен әндерін айтып, өнерлерін ортаға салды. Атап айтсақ, «Бақыт» өлеңін , 2 «к» сынып оқушысы Оралбек А., 5 «д» сынып оқушысы Сейтханов А., Мақсатқызы Ұ., 6 «е» сынып оқушысы Байзақ Б., «Ана, сен бақыттысың» өлеңін 11 «д» сынып оқушысы Мухаметжанова Б., 9 «Г» сынып оқушысы Байгонырова А. атты шәкірттеріміз әсем әуенмен керемет ән шырқады. Сондай-ақ, ақынның поэзиясына да құлақ түріп, ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісі бойынша 9-сынып оқушылары шағын көрініс қойып, аққулардың сұлу да пәк, киелі құс екенін айқын суреттеп, егерде қоныстанған жерінен жәбір көрсе қайта оралмайтындығын басты назарда ұстап, шағын көріністі өте тамаша көрсете білді. 5-11 сынып оқушылары өз шығармашылықтарынан М.Мақатаевқа арнап өлеңдер, арнаулар оқып берді. Ақынға арналған әдеби-сазды кеш оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады әрі мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Соңында кешке қатысқан барлық оқушыларға мақтау қағазы берілді.



Ұйымдастырушылар: Метербай О.М., Жуманазарова А.Ж. және қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің мұғалімдері.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: