23
январь
2024
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Артық затты таста - кітап оқуды баста" атты жылдамдыққа оқу сайысы өтті
Алматы қаласы Әуезов ауданы «№133 мектеп-гимназия» КММ "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Артық затты таста - кітап оқуды баста" атты жылдамдыққа оқу сайысы өтті. Сайыс 2-сыныптар арасында болды. Басты мақсат - оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру. Сайыскерлер көркем мәтіннің үзіндісін бір минут ішінде (60 секунд) тез және дауыстап оқып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруі қажет болды. Оқу үшін «Әдебиеттік оқу хрестоматиясы» кітабынан мәтіндер қолданылды. Балаларды бағалайтын негізгі критерий - буын немесе сөзді толық оқу, оқуда қателіктердің болуы, минутына сөздердің саны, мәнерлілік жағына көңіл аударылды. Минутына 140-150 сөз оқитын оқушылар да бар екені қуантады. Сайыс қорытындысы бойынша І ІІ ІІІ орын алған оқушыларды марапаттап Абайдың қара сөзі кітабын сыйлады. Сайысты ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдері Ногайсарина Айжан Жунисбековна және Дастарбекова Айзада Советбекқызына алғыс айтамыз!
Видео


Видео

