Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Алтын ұрпақ “ интеллектуалдық білім сайысы
30
январь
2025

“Алтын ұрпақ “ интеллектуалдық білім сайысы

Алматы қаласы, Әуезов ауданы “№133 Мектеп -гимназия” КММ 4- сынып оқушылары арасында “Алтын ұрпақ “ интеллектуалдық білім сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін өзара сынға салып,жүйріктен озған жүйрікті таңдау болды. Сайыстың әділқазылары бекітіліп, оқушылар екі топқа бөлінді. Топқа ат қойып, өз ұрандарымен таныстырды. “ Алғырлар”, “Білімпаздар” тобы болып оқушылар 3 турдан тұратын тапсырмаларды орындады. Бірінші турда 5 пән бойынша және әр түрлі сұрақтар қамтылған 40 ұпайлық ұяшықтарға жасырылған тапсырмаларға жауап берсе, екінші тур бойынша математикалық есептер шығарып, қазақ тілінің ережелерін жатқа айтты. Үшінші тур “Полиглот” деп аталып, сайыскерлер берілген сөздерді қазақ, орыс және ағылшын тіліне аударды. Сайыс өте қызықты және тартысты өтті, оқушылардың белсенділігі өте жоғары дәрежеде болды. Сайыс қорытындысында “ Алғырлар” тобы І орын,”Білімпаздар” тобы - ІІ орынға ие болды. Барлық қатысқан оқушылар Мақтау қағаздарымен марапатталды. Зияткерлік - білім сайысын ұйымдастырған тәжірибелі ұстаздар: Бекжанова Алтынай Тәжибаевна, Жумабаева Ботакоз Бердигуловна, Чукеева Мақпал Қайырғалиқызы. @edu.almaty
@almaty_birtutas_tarbie
@mnurymbetov
@meruert.69
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_алматы 
Видео

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: