Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашақ» мектеп жанындағы лагерінің ашылу салтанаты
27
май
2024

«Болашақ» мектеп жанындағы лагерінің ашылу салтанаты

Алматы қаласы Әуезов ауданы «№133мектеп-гимназия» КММ
27.05.2024ж «Болашақ» мектеп жанындағы лагерінің ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты жиынды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бапиева Ельмира Бердибаевна ашып берді. Оқушыларды құттықтап, қызықты ойындар мен саяхаттар, түрлі қызықты іс-шаралар болатынын айтып өтті. Мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде 1-4 сынып оқушылары 10 отрядқа бөлініп сап түзеп тұрды. Әр отряд өздерінің топ аты мен ұрандарымен таныстырды. «Жас дәурен» би тобының қыздары қазақ биі және өзбек билерімен оқушылардың көңілін көтеріп тастады. Айлин мен Илана «Қазақтың қыздары» әнімен, Аминаның орындауында «Ертегілер» әні көрермендер көзайымы болды. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылармен түрлі қызықты ойындар ойнады. Флешмобта оқушылар кремет көңіл күймен билеп өнерлерін көрсетті.
Салтанатты жиынды жүргізушілер Жазира мен Лаззат лагердің күн тәртібі мен мақсат, міндеттерімен таныстырды.
Жұмыс мақсаты:
- Жазғы мезгілде оқушылардың демалысы мен денсаулықтарын жақсартуды ұйымдастыру.
Міндеттері:
- Ұжымдағы балалардың денсаулығын қалпына келтіру жүйесін жасау;
- Оқушылар санасында адамгершілік және мәдени құндылықтарды бекіту;
- Салауатты өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулығын нығайту;
- Балаларды шығармашылық әрекет түрлеріне тарту, шығармашылық ойлауды дамыту;
- Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты дамыту және нығайту.
«Болашақ» мектеп жанындағы лагерінің ашылу салтанаты өз мәресіне жетіп, балалар өз кабинеттеріне қуанышпен оралды. Салтантты жиынды ұйымдастырушыларға және легерь басшысы Алексеева Светлана Владимировнаға алғысымызды білдіреміз.
Видео​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: