Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ» тақырыбындағы қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті
18
октябрь
2024

«БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ» тақырыбындағы қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті

Алматы қаласы Әуезов ауданы №133мектеп-гимназия КММ
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қолдауымен және №133мектеп-гимназия ұстаздарының ұйымдастыруымен «БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ» тақырыбындағы қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Мақсаты: Бастауыш сынып сабақтарында ұлттық құндылықтарды тиімді қолдану бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін дамыту. Оқыту мен оқудағы тәжірибелермен бөлісу.
«Ұлттық музыка-жан азығы» -демекші домбырашылар оркестірінің орындауында «САЗГЕН» тобының орындаған күй мен «Жас өркен» би тобы қыздарының орындауында «Аққу» биі келген қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі Карабалаева Назерке Алимбайқызы семинарды ашып берді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бапиева Ельмира Бердібайқызы «Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру арқылы бастауыш сынып оқушысының сөйлеу мәдениетін дамыту» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
«Ұлттық құндылықтар – ұлттық тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Оразбайқызы Камшат 1-сынып оқушыларымен сахнаға шығып, өнер көрсетті. 1-сынып бүлдіршіндері өлең, мақал-мәтел айтып, жұмбақ жасырып, жаңылтпашты жаңылмай айтып, салған әніне тәнті болдық.
«Әдебиет сабағындағы адамгершілік құндылықтары» «Бақыт құсы» панорамалық сабағын бастауыш сынып мұғалімі Жумабаева Ботакоз Бердигуловна мұғалімдерге көрсетіп іс-тәжірибесімен бөлісті.
Бастауыш сынып мұғалімі Сманова Айгуль Саулебековна «Әр сабақта ұлттық құндылықтарды тиімді қолдану» тақырыбындағы панорамалық сабағын көрсетіп іс- тәжірибесімен бөлісті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өміш Айнұр Темірханқызы «Ұлттық құндылықтар-білім мен тәрбиенің өзегі» тақырыбында мектепте оқушылармен жасалған құндылыққа толы іс-шаралармен таныстырды. Семинар соңында бастауыш сынып мұғалімдері келген қонақтармен тренинг өткізіп бір сергіп алды.
Бүгінгі семинарға атсалысқан ұстаздарға алғыс білдіреміз.
Видео
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: