Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Үйренейік, ізденейік, жас маман!» тақырыбында мектептің жас мамандары арасында семинар-коучинг
27
апрель
2025

«Үйренейік, ізденейік, жас маман!» тақырыбында мектептің жас мамандары арасында семинар-коучинг

2023 жылдың 17 қараша күні «Үйренейік, ізденейік, жас маман!» тақырыбында мектептің жас мамандары арасында семинар-коучинг өтті. Семинар мақсаты: Жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Семинардың міндеттері:
Педагогтерді ізденістерге және педагогикалық шеберлікке тарту;
Мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін қолдау;
Тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибелерімен таныстыру.
Директодың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бапиева Ельмира Бердибаевна «Жас маманның кәсіби өсуіндегі тәлімгерліктің маңызы» тақырыбында дайындаған баяндамамен таныстырды. Жас ұстаздардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған «Үздік жас маман» сайысын өткізу мектебімізде дәстүрге айналған. «Үздік жас маман» сайысының осы уақытқа дейін жасалған жоспары мен жас мамандардың жеткен жетістіктерімен таныстырды.
Бастауыш сынып мұғалімі, тәжірибелі, білікті ұстаз, мектебімізде талай мұғалімге тәлімгер болып жүрген, бастауыш сыныптар бойынша әдістеме бірлестік жетекшісі Өтеген Жанат Сарсембайқызы «Ұстаздың негізгі құралы сабақ» демекші өзінің панорамалық сабағымен таныстырды. 2022ж «Педагогикалық технологиялар панорамасы» қалалық конкурсына қатысып 1-орынға ие болған Өтеген Жанат Сарсембайқызы өзінің іс-тәжірибесін жас мамандармен бөлісті.
Алматы қаласы білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Абыройлы ұстаз» конкурсына қатысып ІІ-орын жүлдегері атанған және сондай ақ «Алматы ұстазы» конкурсына қатысып, ІІ-дәрежелелі дипломға ие болған Арипова Жазира Дауитбаевна өзінің іс-тәжірибесімен таныстырды.
Алматы қалалық Қасыл Қатықбаева атындағы "Ұстаз мәртебесі-ұлт мерейі" атты байқаудың аудандық кезеңінде Бас жүлде және байқаудың қалалық кезеңінде жүлделі 3-орынға ие болған Ботакоз Бердигуловна жас мамандарға тренг өткізіп, түрлі әдіс-тәсілдерді үйретті.
Семинардың қорытынды сөзін мектебіміздің басшысы ұстаздардың ұстазы Оразбекова Сабыргул Тулькибаевна жас мамандарға өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп сәттілік тіледі.
Видео​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: