Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда авторлық бағдарламалардың маңызы» тақырыбындағы қалалық ғылыми – әдістемелік семинар
20
декабрь
2024

«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда авторлық бағдарламалардың маңызы» тақырыбындағы қалалық ғылыми – әдістемелік семинар

Алматы қаласы Әуезов ауданы «№133мектеп-гимназия» ұстаздарының ұйымдастыруымен «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда авторлық бағдарламалардың маңызы» тақырыбындағы қалалық ғылыми – әдістемелік семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің бастауыш сынып ұстаздары мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинардың мақсаты: мұғалімдер авторлық бағдарламаларды жазудың қыр-сырын үйреніп, сабақта тиімді қолданып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіруге жағдай жасау. Бастауыш сынып ұстаздары мен авторлар «Сөйлеу мәдениеті» 1- 4сынып, «Буындап оқуды үйренміз» 1-сынып, «Жаратылыстану ғажайыптары» 2-сынып оқу құралдары мен авторлық бағдарламалар арқылы оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдермен, тәжірибелермен бөлісті. Өткізілген шеберлік сабақтар туралы қатысушылардың пікірлері мен тілектері тыңдалып кері байланыс берілді. Мұғалімдерді ізденістерге және педагогикалық шеберлікке тарту мақсатында ұйымдастырылған семинар өте жоғары деңгейде өтті.
Қалалық семинарды өткізуге атсалысқан Бапиева Ельмира Бердибаевна, Турымбетова Меруерт Абдрасиловна, Мукашева Перизат Ермековна, Бекжанова Алтынай Тажибаевна, Есенаманова Нурбану Жарылкасыновна, Топашев Асхат Намазович, Жиренбай Пернегул Аширбекқызы, Аксеева Нагима Бектасовна, Аязбекова Гульзагира Серикбаевна, Арман-ПВ» баспасы редакторлары Бекболатова Айгүл Нурмукашевна, Исабаева Эльмира Нурильденовна, Сұлтанов Жансерік Қайратұлына және бастауыш сынып ұстаздарына алғыс білдіреміз!
Видео​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: