26
апрель
2024
"Бизнес мектебі-табыс мектебі" тақырыбында семинар өткізілді
Алматы қаласы Әуезов ауданы мектептері ұстаздарының бас қосуымен №133 мектеп-гимназиясында "Бизнес мектебі-табыс мектебі" тақырыбында семинар өткізілді. Болашаққа бағдарлама жасап, өздерінің бизнес жоспарларын ұсынған жоғары сынып оқушылары өз тақырыптарын қорғап шықты. Өте жоғары деңгейде өткізілген семинардың ұйымдастырушысы математика пәнінің мұғалімі Сүлейманова Айнұр Қанатовнаның жұмысына оң баға беріліп, келген ұстаздар алғыстарын жеткізді. Семинар барысында Алматы қаласының 50 мектебі жобасы аясында өткізілген "Басқару және көшбасшылық"тақырыбындағы курстан өткен мектеп директорының орынбасары Оразбекова Сабыркуль Тулкибаевна мен бастауыш сынып мұғалімі Жумабаева Ботакоз Бердигуловна өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарды қорытындылаған аудандық білім бөлімінің әдіскері Ноғайсарина Гулнар Жүнісбековна мектеп ұжымына шығармашылық сәттілік тіледі.
Видео
Видео