Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үйренейік, ізденейік, жас маман!» тақырыбында аудандық семинар-тренинг
29
ноябрь
2023

«Үйренейік, ізденейік, жас маман!» тақырыбында аудандық семинар-тренинг

29 қараша күні Алматы қаласы, Әуезов ауданы №133 мектеп-гимназияда Әуезов ауданы мектептерінің жас мамандарына арналған «Үйренейік, ізденейік, жас маман!» тақырыбында аудандық семинар-тренинг болып өтті. Семинарға аудан мектептерінің жас мамандары мен қалалық әдістемелік кабинеттің , аудандық білім бөлімінің әдіскері Ногайсарина Гульнар Жунусбековна және журналист Кучукова Жанастан қатысты. Семинар мақсаты:
Жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Семинардың міндеттері:
-Педагогтарды ізденістерге және педагогикалық шеберлікке тарту;
-Мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін қолдау;
-Тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибелерімен таныстыру. Еңбек жолын жас маман болып,осы мектептен бастап,аудандық,қалалық, республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған тәжірибелі ұстаздарымыз: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бапиева Э.Б, ағылшын тілі мұғалімі Жумабекова Н.С, бастауыш сынып мұғалімдері Өтеген Ж.С,Жумабаева Б.Б, Арипова Ж.Д өз іс тәжірибелерімен бөлісіп,жас мамандарға ақыл-кеңестерін ұсынды. Семинарда ойын ойнау арқылы бірлікте жұмыс істеу ұсынылып,түрлі ситуациялық жағдаяттар талқыланды. Семинар соңында қалалық әдістемелік кабинеттің , аудандық білім бөлімінің әдіскері Ногайсарина Гульнар Жунусбековна және журналист Кучукова Жанастан жас мамандарға шығармашылық табыс тілеп, мектептегі мұғалімдердің жетістіктеріне ризашылығын білдірді.
Мектеп директоры Оразбекова Сабыркуль Түлкібайқызы семинарға атсалысқан барша ұстаздар мен келген қонақтарға алғысын айта келіп, жас мамандарға ұстаздық жолына сәттілік тіледі.
Видео​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: