07
декабрь
2024
«Мамандықтар әлемі»
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №133 мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы негізінде кәсіптік бағдарлау мақсатында 3«д» сынып жетекшісі Қазбекова М.Е. ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемі» тақырыбында танымдық мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу. Оқушыларды мамандықтармен таныстыру үшін әртүрлі өндіріс орындарына және мекемелерге ата-аналармен бірлесе барды. Оқушылар мамандықтар әлеміне саяхаты жайында видеороликтерін көрермендер назарына ұсынды. “ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР” тобы құрылыс алаңынан үйреніп келген үйдің макетін құрастырып өнер көрсетті. “ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР” тобы қызыл формасын киіп, өртті қалай сөндіру керек, өрттен қалай сақтану жолдарын үйретіп сахналап берді. “ДӘРІГЕРЛЕР” тобы жедел жәрдем көлігімен ауырған науқасты емдеуге келеді. Науқастың хал -жағдайын сұрап, емдеу шараларын сахналап өнер көрсетті. Ақ халатты абзал жандарға дәрігерлер әнін арнады. “ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ” тобындағы балалар жол полициясы қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері зор екендігін, ең бастысы азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі екендігін түсіндірді. “Жол полициясы” ән айтып, би билеп көрермендер көзайымы болды. “Дирижерлер” тобы А4 қағаздан аспаптардың дыбысын шығару өнерін көрсетті. “Бишілер” тобы ән айтып, би билеп көрермендер қошеметіне бөленді. “Ұстаздар” тобы ұстаздың негізгі мақсаты балаларды зерделі де өнегелі адам болып өсуіне тәрбиелеу мен білім беру керектігін сахналық қойылыммен көрсете білді. Бірінші сыныптан бері білім мен тәрбие беріп келе жатқан сынып жетекшісі Казбекова Меруерт Елеуқызының еңбегі орсан зор. @oqu_agartu_ministrligi
@almaty_birtutas_tarbie
@mnurymbetov
@meruert.69
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_алматы
Видео
@almaty_birtutas_tarbie
@mnurymbetov
@meruert.69
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_алматы
Видео