09
декабрь
2024
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы негізінде
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №133 мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы негізінде 3 “Д” сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Казбекова М.Е “Мамандықтар әлемі” тақырыбында іс шара өткізді. Мақсаты: білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу. Оқушыларды мамандықтармен таныстыру үшін әртүрлі өндіріс орындарына немесе мекемелерге бару жоспары ата-аналармен бірлесе отырып әзірленді. “Дәрігерлер” тобындағы Алихан, Жібек, Шыңғыс, Асем болашақта дәрігер болғысы келеді. Дәрігердің міндеті мен қызметін танысу мақсатында ауруханаға барып ақ халатты абзал жандармен сұхбаттасып қайтты. Жедел жәрдем көлігіне мініп, ауруға қандай көмек көрсетуге болатынын бақылап, зерттеп, біліп қайтты. Балалар ақ халатты абзал жандарға алғыс айтып, ән арнап, дәрігерлерді қуанышқа бөледі. @oqu_agartu_ministrligi
@almaty_birtutas_tarbie
@mnurymbetov
@meruert.69
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_алматы
Видео
@almaty_birtutas_tarbie
@mnurymbetov
@meruert.69
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_алматы
Видео