Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәсіподақ ұйымының 2022-2023 оқу жылындағы есебі
29
январь
2024

Кәсіподақ ұйымының 2022-2023 оқу жылындағы есебі

Кәсіподақ ұйымының 2022-2023 оқу жылындағы есебі

Мен Сіздерді қысқаша №133 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен таныстырғым келеді. Қазіргі таңда біздің кәсіподақ ұйымында 264 кәсіподақ мүшесі бар. Биылғы оқу жылында кәсіподақ мүшелері 100%.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс тәжірибесінде ең бірінші кәсіподақтың көмегі-кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылдық жоспары, әртүрлі іс-шаралар мектеп басшысы мен мектеп әкімшілігімен келісе отырып жұмыс жасалады. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс тәжірибесінде ең бастысы кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету. Яғни ата-анасының қайтыс болуына байланысты 6 кәсіподақ мүшесіне, сондай-ақ күрделі ота жасатуына байланысты 2 кәсіподақ мүшесіне қаржылай көмек көрсетілді.
Ұстаздар күні-білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі үшін марапатталып, мерекелік кештер ұйымдастырылып, сыйлықтар беріледі. Ешқашан ардагер ұстаздарымызды да ұмытпаймыз.
Жаңа жыл-әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Бәрі жаңа жылда керемет кешке барып, жаңа бақытқа ие болып, тосын сыйлықтар алып, көңіл күйлері көтеріңкі үйлеріне риза болып келеді.
Халықаралық әйелдер күні мектептегі барлық ер азаматтар әйел адамдарды құттықтап, оларды бақытты етуге тырысамыз.
Ұжымның ауызбіршілігін, ынтымағын жарастыру мақсатында жыл сайын көктемде қала сыртына серуенге шығып демаламыз.
Жыл сайын мектебімізде мерейлі жас иелелерін құттықтау шарасы өтеді. Мерейлі 50, 60 жасқа толған туған күн иелеріне ұзақ өмір, баянды бақыт, жанұя амандығын тілеп, әр күніңіз қуаныш пен жақсылыққа толы болсын деп марапаттап, арнайы сыйлықтарын береміз.
Әр жылда 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай ұстаздар арасында волейбол ойынын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстану, спорттық шеберлікті жетілдіру мақсатында түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымы мекемедегі ізденімпаз, шығармашыл ұстаздарға да әрқашан қолдау көрсетеміз. Өткен жылы мектебімізден «Көктем» шипажайына 3 мұғалім барып, өте керемет демалып қайтты.
Видео​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: