Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ
01
февраль
2024

ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

Алматы қаласы Әуезов ауданы №133 мектеп-гимназия 2-сыныптар арасында Тоғызқұмалақтан мектепішілік жарысы болды. Жарыстың мақсаты:
1. Қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы өз елінің патриоты, елжанды жеке тұлға қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін дамыту;
2.Балалардың ой-өрісін дамытуға, шынықтыруға, оларды тапқырлыққа, ұстамдылыққа, ұқыптылыққа баулитын, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ зияткерлік ойынын дәріптеу, насихаттау;
3. Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың тапқырлық және іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Жүзден жүйрік, жеңімпаздарды анықтау.
Жарысқа 18 оқушы қатысты. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған ойын өз мәресіне жеттті. Төрешілердің шешімімен орындар тағайындалып, жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарды кубок, медаль, мақтау қағаздарымен марапаттады. Үйірме жетекшісі Топашов Асхат Намазовичке және ұйымдастырушы Казбекова Меруерт Елеуовнаға, 2-сынып ұстаздарына алғыс айтамыз.
Видео

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: