16
апрель
2024
"Гарри Потер" тақырыбында Квест ойынын өткізді
133school.almaty ИНОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ колледждің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2-курс студенттері «Менің бауырым» жобасы аясында "Гарри Потер" тақырыбында Квест ойынын өткізді. Бұл квест ойынының мақсаты: білімді жеткізу ғана емес, сонымен қатар, әрбір қатысушы өз ойлары мен тәжірибелерімен бөлісе алатын ашық диалог атмосферасын құру болды. Жобаға 6-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар квест ойынына белсенді қатысып, түрлі тапсырмалар арқылы өз көзқарастары мен түсініктерін білдірді. Квесттің соңғы бөлімінде шапшаңдық пен белсенділік танытқаны үшін "Үздік команда" кубогына ие болды. Жоба оқу жылы аяқталғанша жалғасын табады.
Видео
Видео