Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Тілім менің ғасырларға аманат”тақырыбында тіл мерекесі
26
сентябрь
2024

“Тілім менің ғасырларға аманат”тақырыбында тіл мерекесі

Алматы қаласы Әуезов ауданы №133 мектеп мектеп- гимназияның 4- сынып оқушылары арасында “Тілім менің ғасырларға аманат”тақырыбында тіл мерекесіне байланысты, Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы - өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға екенін, ұлт маңдайына біткен тұлғаның туған тіліне деген құрметін жас буын бастауыш сынып оқушыларына түсіндіріп, насихаттау- басты мақсат болды. Сайысқа он үш сыныптан оқушылар қатысып, өлеңдерді өз мәнерлеріне келтіріп, жатқа оқып жарысты. Әділқазылар балалардың жұмысын әділ бағалап, нәтижесінде 1 орын, 2орын, 3 орындарға иеленіп, қалған оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Бағдарлама барысында оқушылар хоры, жеке ән, ұлттық би де орындалып, жас өрендерге патриоттық рух берілді. Осындай іс- шаралар мектебімізде жалғасын табуда. @edu.almaty
@auezovpoo_
@almaty_birtutas_tarbie
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_алматы 
Видео

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: