Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ардагерлер ерлігі ұмытылмайды!
30
апрель
2025

Ардагерлер ерлігі ұмытылмайды!

Ардагерлер ерлігі ұмытылмайды!

Біздің мектепте екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Сырғабаев Исәділдің ұрпақтары білім алуда.
Исәділ Сырғабаев – 1905 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.
1942 жылы әскер қатарына шақырылып, майданға қатысқан.
89-атқыштар дивизиясының құрамында болған.
Майданда көрсеткен ерлігі үшін бірнеше орден, медальдармен марапатталған.
Соғыс аяқталған соң жеңіспен елге оралып, туған жерінде әскери комиссариатта, аудандық кеңседе қызмет атқарған.
Аяулы Жәмиға Алмасайқызымен бірге 10 бала өсіріп, тәрбиеледі.
Майдангер Исәділ ата ұрпақтары бүгінде үлкен мәуелі бәйтерекке айналды.
Исәділ Сырғабаев 1976 жылы өмірден өтті...

Ардагер аталарымыздың ерлігі ұмытылмайды!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Видео​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: