17
ноябрь
2025
17.11.2025ж. күні
17.11.2025ж. күні Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №133 мектеп-гимназиясында Әуезов ауданының ПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Нұргожаев Нұрлан Құныпияұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өміш А.Т. 8-сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, 8-сынып оқушыларына «ДОСБОЛІКЕ» бағдарламасы аясында «Буллингтен корған» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты білім алушылардың буллинг ұғымы туралы түсініктерін кеңейту, оның түрлерін ажырату, құкықтык және психологиялық тұрғыда қорғану жолдарын үйрету, сондай-ак мектепішілік достық, өзара құрмет пен қолдау мәдениетін қалыптастыру.Сынып сағаттары барысында оқушылармен буллингке қарсы іс-әрекет тәсілдері, қауіпсіз орта құру, кұрдастар арасындағы этикалық қарым-қатынас мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, өмірлік мысалдар келтіріліп, бейнематериалдар көрсетіліп, пікір алмасу жұмыстары жүргізілді.Іс-шара оқушылардың эмоционалды қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен мектептегі жайлы психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталды.
https://www.instagram.com/p/DRKFh6UAgbr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==