01
май
2026
1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне орай өткізілген ісөшаралар
https://www.instagram.com/reel/DXybHvFCNDn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==Алматы қаласы Әуезов ауданы «№133мектеп-гимназия» КММ Мектебімізде жыл сайын 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне орай түрлі іс шаралар өтеді.Осы мерекелік күні мектебімізде де ерекше атмосфера қалыптасты. 3-сынып оқушылары арасында «Достық – бірліктің негізі» тақырыбында танымдық әрі көңілді іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар түрлі ұлттардың мәдениетімен таныстырып, олардың салт-дәстүрлері туралы мәліметтер берді.Әр сынып өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық билер билеп, әндер орындады. Сонымен қатар, балалар мақал-мәтелдер айтып, бірлік пен татулық туралы көріністер көрсетті. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың басқа ұлттарға деген құрметін арттырды.Іс-шара соңында оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін білдіріп, достықтың, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын түсінді. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақты елін сүюге, ынтымақ пен бірлікке баулиды.