20
март
2026
«Армысың, әз Наурыз – Ұлыстың ұлы күні!» құтты болсын!
https://www.instagram.com/reel/DWJAbFUgj8Q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==Алматы қаласы Әуезов ауданы №133 мектеп-гимназия «Армысың, әз Наурыз – Ұлыстың ұлы күні!» атты тақырыпта бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен тәрбиелік іс-шара өтті. Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстыру болды. Іс-шара барысында мұғалімдер Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы туралы мәліметтер айтып, өлеңдер оқыды, ән айтып, би биледі. Сонымен қатар, «тұсау кесу», «беташар», «шашу» сияқты қазақтың салт-дәстүрлері сахналанып көрсетілді. Мұғалімдер ұлттық киім киіп, қазақы дастарханның көрінісін таныстырды. Ұлттық ойындар ойнатылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.