19
май
2025
“Супер әже” атты әжелер мен немерелер сайысы өтті
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №133 мектеп-гимназиясында “Супер әже” атты әжелер мен немерелер сайысы өтті. Сайысты өткізудегі мақсат: қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын жас ұрпақтың бойына сіңіру. Әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану .
Сайыс барысында әжелеріміз өз өнерлерін, ақыл-парасатын, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеудегі шеберлігін көрсетті. Немерелерімен бірге ән айтып, би билеп, сахналық қойылым қойды. Қазақтың ұлттық тағамдарының жасалу жолын таныстырып, қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын түсіндірді.
Бұл шара – ұрпақтар сабақтастығының, қазақы тәрбиенің жарқын үлгісі болды.
Барлық қатысушы әжелерге шын жүректен алғыс білдіреміз!
Сіздер – нағыз Супер Әжелер!
Мектеп әкімшілігі әжелерге ризашылығын білдіріп,”Алғыс хатпен” марапаттады.
Видео