Сәуір айының 18-22 күндер аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығы өтті » Школа-гимназия №133
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сәуір айының 18-22 күндер аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығы өтті
25
апрель
2022

Сәуір айының 18-22 күндер аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығы өтті

 Сәуір айының  18-22 күндер  аралығында   қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығы  өтті. Тақырыбы: «Ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл»
       Мақсаты: Ұлт  ұстазы Ахмет Байтұсынұлының қазақ тіліне деген үлкен үлесі зор екендігін дәріптеу. Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін арыттыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Тілін, елін, салт-дәстүрін  сүйе білуге үйрету.
    “Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем”- деген қанатты сөздер осы аптаның бейнесіне айналды, себебі мұғалімдер тіл сауаттылығына ғана емес, оқушылардың назарын сыни-ойлау қабілетіне, жан-жақты сауаттылығына және өнерге қызығушылығын арттыруға бағыттады.  Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінде «Фариза-поэзия падишасы», «Бәйтерек монументі»,  Т.Ахтановтың «Күй аңызы» , Т.Нұрмағанбетовтың « Анасын сағынған бала. Бақытты сәт», «Үстеудің  синонимдік қатары», «Ғаламшар құпиялары. Сан есім» т.б. тақырыптарда ашық сабақтар өте жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар сыныптан тыс шаралар жоспарланып, оқушылардың тілге құрметінің, әдебиетке сүйіспеншілігінің арта түскеніне куә болдық.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: