11
апрель
2024
“ТІЛ ШЕБЕРІ” қалалық байқауы
Алматы қаласы Әуезов ауданы №133 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі Тұрсынханов Қадыр Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруға атсалысып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында өткен “ТІЛ ШЕБЕРІ” қалалық байқауында ІІІ орынға ие болды. Тұрсынханов Қадыр ағылшын тілінде нағыз тіл шебері екендігін көрсетіп, 30 000 теңгелік сертификатқа ие болып ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Мектебіміздің мәртебесін көтерген жас маман ұстазымызды жеңісімен құттықтап, алда талай белестерді бағындырады деп сенеміз! Еңбегің жана берсін!
Видео

Видео
