Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ы.Алтынсарин төсбелгісімен» марапатталды
09
октябрь
2024

«Ы.Алтынсарин төсбелгісімен» марапатталды

«Ы.Алтынсарин төсбелгісімен» марапатталды
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №133мектеп-гимназиясында мұғалімдер мерекесі қарсаңында төрт ұстазымыз үлкен марапатқа ие болып мектебіміздің мақтанышы болды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, химия пәні мұғалімі педагог-шебер Оразбекова Сабыркуль Тулькибаевна, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі педагог-шебер Бапиева Ельмира Бердибаевна, биология пәні мұғалімі педагог-шебер Алипова Раушан Ташеновна және бастауыш сынып мұғалімі педагог-шебер Бекжанова Алтынай Тажибаевна Оқу -Ағарту министрлігінің жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, білімнің кілтін ұстатқан ұстаздарымыздың ұрпаққа берер ұлағаты шәкірттеріне жарқын жолдама болғай! Марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз жана берсін!
Видео​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: