27
март
2025
«Үздік жас маман -2025»
27.03.2025ж Алматы қаласы Әуезов ауданы «№133мектеп-гимназия» КММ жас мамандар арасында мектепішілік «Үздік жас маман -2025» байқауы болып өтті. Сайысқа 9 жас маман қатысты. Жас мамандардың біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін ояту және оларды ынталандыру мақсатында өткен сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Сайысқа жас мамандар өте жақсы дайындықпен келген. Байқау 5 кезең бойынша ұйымдастырылды. Байқаудың нәтижесі шығарылып, әділ қазылардың шешімімен жас мамандарға жүлделі орындар беріліп дипломмен марапатталды. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Орынбасар Метербайұлы ақшалай сыйлықтар табыстады. Әдістеме бірлестік жетекшілері және тәлімгер ұстаздар жас мамандарға сыйлықтар ұсынып, гүл шоқтарымен құттықтады.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Иса Бекнияз Молданиязович бас жүлдені жеңіп алды.
І орын – көркем еңбек пәні мұғалімі Алдаберлі Азиза Тәттібайқызы және педагог-психолог Мүсретәлі Сандуғаш Жандарбекқызы.
ІІ орын – химия пәні мұғалімі Қыдырбай Гульназ Абайқызы және
ағылшын тілі пәні мұғалімі Белқожа Аружан Алпысбайқызы.
ІІІ орын – ағылшын тілі пәні мұғалімі Жумабаева Салтанат Ернарқызы және математика пәні мұғалімі Тятюшкина Оксана Михайловна жүлделі дипломмен марапатталды.
Бастауыш сынып мұғалімі Аюпова Ляззат Аскарбековна «Ең үздік портфолио» номинациясымен марапатталса, әлеуметтік педагог информатика пәні мұғалімі Егемберді Меруерт Жеңісқызы «Өнерлі мұғалім» номинациясымен марапатталды. «Үздік жас маман -2025» байқауында бақ сынасқан жұлдызы жанған 9жас маманға алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа шығармашылық шабыт тілейміз!
Видео