30
март
2026
«Адал азамат»
https://www.instagram.com/p/DWfuEiMAvOD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==«Адал азамат» бағдарламасы аясында оқушылардың тарихи танымын кеңейтуге және құқықтық мәдениетін нығайтуға бағытталған сынып сағаттары өткізілді.1. 7–10 сыныптар: «Темірбек Қараұлы Жүргенов – ұлт қайраткері»Мақсаты: Қазақ мәдениеті мен өнерінің іргетасын қалаушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т. Жүргеновтің өмір жолы мен еңбектерін дәріптеу. Оқушыларды тарихи тұлғалардың ғибратты ғұмыры арқылы отансүйгіштікке және ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.Тарихи-библиографиялық шолулар жасалып, «Мәдениет майталманы» атты бейне-көрсетілімдер көрсетілді.
2. 11 сыныптар: «Ата Заң – мемлекет тірегі»
Мақсаты: Мектеп бітіруші түлектердің құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттілік пен тұрақтылықты нығайтудағы рөлін түсіндіру. Оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстаным мен заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру.
«Конституция және азаматтық жауапкершілік» тақырыбындағы дебаттық пікірталастар ұйымдастырылды.