Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Менің Жеңіс тарихым» атты флешмоб
10
апрель
2025
«Менің Жеңіс тарихым» атты флешмоб
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №133 мектеп-гимназиясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тарих пәні бірлестік жетекшісі Бостанова Эльвира Ганиевнаның ұйымдастыруымен «Менің Жеңіс тарихым» атты флешмоб өтті. 80 жыл бейбіт өмір. Бүгін – ерлік пен рухтың мәңгі өшпес символы болған Ұлы Жеңістің 80 жылдығы.Біз ардагерлерімізге мәңгі қарыздармыз. Олардың батырлығы – бүгінгі тыныш таңның, ашық аспанның негізі.Рақмет, Ардагерлер! Сіздерге тағзым етеміз!#ЖеңісТарихым #Жеңіске80жыл #МеніңЖеңісТарихым
Біртұтас тәрбие "Сәуір айынын дәйек сөздері"
01
апрель
2025
Біртұтас тәрбие "Сәуір айынын дәйек сөздері"
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №133 мектеп-гимназиясында оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде мақал-мәтелдер, халық даналығы және көрнекті тұлғалардың ұлағатты сқздері ерекше орын алды. Аптаның дәйексөздері сынып тақтасына ілініп, сынып сағатында және оқу сабақтарында үнемі қолданып отырады. Бұл – ортақ білім мен тәрбиенің айнасы, әр оқушыға өмірлік өнеге беретін құнды мұра. ​Видео​​​ 
«Үздік жас маман -2025»
27
март
2025
«Үздік жас маман -2025»
27.03.2025ж Алматы қаласы Әуезов ауданы «№133мектеп-гимназия» КММ жас мамандар арасында мектепішілік «Үздік жас маман -2025» байқауы болып өтті. Сайысқа 9 жас маман қатысты. Жас мамандардың біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін ояту және оларды ынталандыру мақсатында өткен сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Сайысқа жас мамандар өте жақсы дайындықпен келген. Байқау 5 кезең бойынша ұйымдастырылды. Байқаудың нәтижесі шығарылып, әділ
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Амал күні» аталып өтті
14
март
2025
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Амал күні» аталып өтті
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №133 мектеп-гимназиясында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Амал күні» аталып өтті. Мұғалімдер мен оқушылар бір-бірін «Амал» мерекесімен құттықтап, ақ тілектерін айтып, сый жасап, әріптестеріне қуаныш сыйлады. Бұл үрдіс Наурыз мерекесі қарсаңында адамдар арасындағы мейірімділік пен сыйластықты арттыратыны сөзсіз. Көрісу – наурыздың басы, көрісу – жақсылықтың жаршысы. Ғасырлардан жалғасын тауып келе жатқан, «Көрісу» немесе «Амал» мерекесі әр жылы
«Таза Қазақстан» акциясы аясында қоқысты сұрыптауға үйрену
11
март
2025
«Таза Қазақстан» акциясы аясында қоқысты сұрыптауға үйрену
11.03. 2025ж.күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоқысты сұрыптауға үйренуге бағытталған «Мейірімді қақпақша» челленджі ұйымдастырылды. Бұл челленджге 1-8 сынып оқушылары қатысып, қазірдің өзінде 15 кг астам қақпақ жинады. В Алматы в рамках акции «Чистый Казахстан» стартовал челлендж «Добрая Крышечка», направленный на обучение сортировке мусора. В этом челлендже приняли участие учащиеся 1-8 классов нашей гимназии,которые уже собрали более 15 кг крышек.\ @almaty_birtutas_tarbie
1 Наурыз – Алғыс айту күні
01
март
2025
1 Наурыз – Алғыс айту күні
1 Наурыз – Алғыс айту күні 1 наурыз — Қазақстанда ерекше маңызды күн, ол Алғыс айту күні ретінде аталып өтеді. Алғыс айту күні – бұл барлық халықтың бір-біріне алғыс айтып, ризашылық білдіретін, өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайтатын күн. Алғыс айту күнінің маңызы: Алғыс айту күні – еліміздегі әртүрлі этностардың бірлігін, татулығын, келісімін және халықтар арасындағы достықты атап өтетін мереке. #біртұтас_тәрбие_алматы #біртұтас_тәрбие  Видео Видео
Алғыс айту күні
26
февраль
2025
Алғыс айту күні
Бүгін – жүрекке жылу ұялататын, мейірімділік пен ризашылықтың мерекесі! Алғыс айту күні – бізге жақсылық жасаған жандарға шынайы алғыс білдіретін ерекше күн. Әрбір жанға көрсеткен қолдауы, қамқорлығы мен жылы сөзі үшін алғыс айтамыз! Отбасымызға – махаббаты үшін, достарымызға – сенімі үшін, ұстаздарымызға – білімі мен даналығы үшін, әріптестерімізге – еңбегі мен адалдығы үшін ризамыз. Шүкіршілік етіп, бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік! Мейірім мен ізгілікке толы өмір болсын! #АлғысКүні
Жер сілкінісі оқытылуда.
24
февраль
2025
Жер сілкінісі оқытылуда.
2025 жылдың 24 ақпан күні, №133 мектеп-гимназиясында 1-11 сынып оқушыларының өз әрекеттеріне сенімділігін қалыптастыру, өмірдің түрлі жағдайларында дұрыс әрекет етуге үйрету мақсатында 1-11 сынып жетекшілері «Көмек» бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізуде. Қазіргі уақытта 1-модуль – Жер сілкінісі оқытылуда. ​Видео​​​ 
“Жазылар естеліктер мен туралы” атты әдеби-сазды поэзиялық кеш өткізілді
12
февраль
2025
“Жазылар естеліктер мен туралы” атты әдеби-сазды поэзиялық кеш
9- ақпан ақиық ақын , поэзия әлемінің шебері, қалың халықтың басты жанашыры болған суреткер, мұзбалақ ақын, қазақ жырының құдіреті Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған “Жазылар естеліктер мен туралы” атты әдеби-сазды поэзиялық кеш өткізілді. Кеште 5-сынып оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқып, ақын сөзіне жазылған әндерін орындап, шығармаларынан көрініс көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, жас ақындарымыз Мұқағалиға арнап жыр шумақтарын паш етті. Кеш жоғары деңгейде