Алматы қаласы Білім басқармасының
«№133 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-82-29
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-85-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бірлігіміз жарасқан: Бір шаңырақ астында»
01
май
2026

«Бірлігіміз жарасқан: Бір шаңырақ астында»

Алматы қаласы, Әуезов ауданы №133 мектеп-гимназиясында түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті еңбек етіп келеді. Білім ордасындағы жарасымды ынтымақ пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген ұстаздардың қатарында орыс тілі пәнінің мұғалімі Абдулла Мәлика Халмурадқызы мен математика пәнінің мұғалімі Тятюшкина Оксана Михайловна да бар.
Олар – қазақ ұлтының келіндері ғана емес, халқымыздың асыл құндылықтарын жүрегімен қабылдап, салт-дәстүрімізді құрметтеп, дәріптеп жүрген білікті де парасатты педагогтер. Ұстаздар қазақ сыныптарына сапалы білім бере отырып, шәкірттерінің бойына ана тіліне деген сүйіспеншілікті, ұлттық рух пен тағылымды тәрбиені сіңіріп келеді. Олардың еңбегі – ұлттар арасындағы татулық пен өзара сыйластықтың айқын көрінісі.
Осындай игі істерімен дараланған ұстаздарымыз 1 мамыр – Ұлттар достығы күніне орай «Хабар» арнасының «Арнайы репортаж» бағдарламасына арнайы шақырту алды. Бұл – олардың еселі еңбегіне көрсетілген зор құhttps://www.instagram.com/reel/DXzP4qPivj5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​рмет пен үлкен сенімнің айғағы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: