“Супер әже” атты әжелер мен немерелер сайысы өтті
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №133 мектеп-гимназиясында “Супер әже” атты әжелер мен немерелер сайысы өтті. Сайысты өткізудегі мақсат: қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын жас ұрпақтың бойына сіңіру. Әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану . Сайыс барысында әжелеріміз өз өнерлерін, ақыл-парасатын, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеудегі шеберлігін көрсетті. Немерелерімен бірге ән айтып, би билеп, сахналық қойылым қойды. Қазақтың ұлттық тағамдарының жасалу жолын